411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

  • 354
  • UPD: 16:40, 03.02.2020
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені және пайыздық дәлізді +/- 1 п.т. жылдық 9,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Инфляция 4-6% нысаналы дәліз шегінде сақталады. 2020 жылғы қаңтарда жылдық инфляция 5,6% болды. Азық-түлік тауарларына – 9,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,2%-ға, ақылы қызметтер – 1,4%-ға қымбаттады», – деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Тұтынушылық және инвестициялық сұраныс экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Халықтың нақты ақшалай кірісінің өсуі 2019 жылғы қаңтар – қарашада 5,8% болды. Әлеуметтік қолдауға арналған бюджет шығыстары 2019 жылы 26,0%-ға ұлғайды. Тұтынушылық кредиттеу 2019 жылы 26,9%-ға өсті. 2019 жылы инвестицияның кеңеюі 8,5% болды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5,0%-ға өсті. Әлемдік нарықта 2020 жылғы қаңтарда мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 63,7 АҚШ доллары болды, азық-түлік бағасының ФАО индексі 2019 жылғы желтоқсанда 2,5%-ға өсті. Ресейдегі жылдық инфляция – 3%, ЕО елдерінде – 1,6% болды, бұл импортталатын тауарлар бағасының өсуін шектейді. Проинфляциялық тәуекелдер бензинді сатуға акциздердің жоғарылау және реттелетін қызметтердің қымбаттау әсерінен қысқа мерзімді келешекте байқалатын болады. Жыл соңына дейін және болашақта инфляциялық процестер біртіндеп әлсірей бастайды және жылдық инфляция нысаналы дәліздің орта деңгейі 4-6%-ке және 2020 жылдың соңына дейін одан да төмендеуі мүмкін. Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2020 жылғы 16 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы