412,55 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 1 млн астам кәсіпкерге кіріс салығын төлемеуге рұқсат етілді

  • 400
  • UPD: 22:27, 03.02.2020

2023 жылдың бірінші қаңтарына дейін олар ұжымдық, әлеуметтік және жер салығынан босатылды. 

Бүгінде заңға тиісті өзгерістер енгізілді. Еске салайық, бастамаға Мемлекет басшысының қаулысы өзек болған. Десе де, кәсіпкерлер салықтық есептерін өткізіп отыруы тиіс. Әрі кассалық-бақылау аппараты болуы шарт. Сондай-ақ алдағы үш жылда шағын және орта бизнес өкілдері бақылау органдарының тексеруінен босатылған. 

Жәнібек Нұржанов, ҚР ҚМ МКК төрағасы орынбасарының м.а:

- Кәсіпкерлердің өз қызметіне қатысты шағымы мен жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты тексерулерге тыйым салынбайды. Ал мораторий 2019 жылы басталып, кәсіпкердің созуына қарамастан, аяқталуы тиіс тексерулерге қатысы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы