loader

АҚШ Орталық Азиядағы интеграциялық процестерге қызығып отыр

АҚШ Орталық Азиядағы интеграциялық процестерге қызығып отыр

Америка Құрама Штаттары Орталық Азия елдерінің тәуелсіз дамуын қолдауға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі интеграциялық процестер америкалықтардың қызығушылығын арттырып отыр. Сол себепті олар көлік, транзит сияқты салаларға инвестиция салуға әзір. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Майкл Помпеоның Орталық Азия мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерімен өткен кездесуінде белгілі болды. Ташкенттегі жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстанның сыртқы ведомство басшылары қатысты. Тараптар экономика, энергетика, экология мәселелерін де талқылады. Сонымен бірге аймақтағы қауіпсіздік мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, қатысушылар Ауғанстанның тұрақты дамуын талқыға салды.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР сыртқы істер министрі:

– Ең біріншіден, олардың қызығушылық көрсетіп жатқаны біздің Орталық Азиядағы жаңа үрдістер. Ол – аймақтық интеграция процесі. Әрине бұл процестерді қолдау үшін АҚШ біздің мемлекеттерді қолданбақшы. Ең біріншіден, сауда, транспорт, транзит мәселелеріне инвестиция салуға дайын екенін растады.

Сондай-ақ...