443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Цифрлық тегеурін интеграцияны арттырады – сарапшылар

  • 241
  • UPD: 08:13, 04.02.2020
Цифрлық тегеурін интеграцияны арттырады – сарапшылар

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда-саттық пен тауар айналымының көлемі жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келешекте мемлекеттер арасындағы интеграциялық байланысты нығайту мақсатында ортақ стратегиялық даму бағдарламасы қабылдануы ықтимал. Бағдарлама аясында цифрлық технологияларды дамыту міндеті алдыңғы орынға шықпақ. Бұл мәселе бес елдің үкімет басшылары бас қосқан Еуразиялық үкіметаралық кеңесте кеңінен талқыланып, бағыты айқындалды дейді сарапшылар.  

Леся Каратаева, Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері:

- Бұл кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға арналған стратегиялық даму бағдарламасын жасау керектігі жөнінде айтылды. Ал экономикалық интеграцияны қарқынды іске асыру үшін ең алдымен цифрлық технологияларды жетілдіру қажет.

Әсел Әбен, ҚСЗИ Алматы қаласы бөлімінің басшысы:

- Қазіргі уақытта одаққа мүше елдер арасында жалдамалы жұмысшылардың, тауарлар мен қаржы айналымының еркін қозғалысы жөнінде келісім бар. Дегенмен барлық салада цифрландыру тегеурінін арттыру керек-ті. Сол арқылы баршаға ортақ нарықты қалыптастыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы