loader


Қытаймен шекараның жабылғанын желеу еткен кейбір кәсіпкерлер азық-түлік бағасын көтерген

 

Бұл бизнестің жосықсыз әрекеті дейді сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Себебі Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы тоқтаған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрдің айтуынша, қауіпті вирус тауар арқылы емес, адамнан адамға жұғады. Сондықтан бағаны бақылау шараларының күшейетінін айтты. Өзара сөз байланысу арқылы бағаны өсіру дерегін байқағандар арнайы сенім телефонына хабарлай алады. Қаңтар айында әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлеріне баға 0,3 процентке өскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге аз. Жалпы бағаның өсуіне астықтың аз түсімі мен экспорттың ұлғаюы себеп болған. Сондай-ақ облыс әкімдері бағаға мониторинг жүргізіп, дер кезінде шара қабылдамай отыр.

Айта кетейік, өткен жылы халық күнделікті тұтынатын азық-түлікке баға 10 процентке өсіп, Үкімет басшысы облыс әкімдерінің орынбасарларына шара қолдану туралы тапсырма берген еді. Дегенмен өңірлерде әлі де олқылықтардың бары айтылды.

Бақыт Сұлтанов, ҚР сауда және интеграция министрі:

– Өткен жылы барлық өңірде шекті бағадан асқан 67 жағдай тіркелді. Бірақ бірде-бір әкімдік рұқсат етілген шекті бағаны бекіту рәсімдерін қолданбаған және сауда оюъектілеріне заңмен белгіленген ықпал ету шараларын қабылдамаған. Қаңтар айында шекті бағадан асып түскен тағы 7 жағдай тіркелді. Алайда әкімдер тарапынан тағы да ешқандай іс-қимыл болған жоқ.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Сауда және интеграция министрлігіне Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірге көтерме сату және агрологистикалық орталық құру жобаларын қаржыландыру құрылымын бір аптаның ішінде белгілеуді тапсырамын. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісін кеңейту үшін қажетті жағдай жасауы тиіс. Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер субсидия алған кездегі міндеттемелердің бірі болуы керек.

Сондай-ақ...