431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытаймен шекаралас облыстардағы кәсіпкерлер шығынға бата бастады

  • 268
  • UPD: 20:19, 04.02.2020
Қытаймен шекаралас облыстардағы кәсіпкерлер шығынға бата бастады

Еліміздегі Қытаймен шекаралас облыстардағы кейбір кәсіпкерлер шығынға бата бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирсқа байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы «Майқапшағай» және «Бақты» кеден бекттері қазір уақытша жабық тұр. Осының кесірінен әсіресе, қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер табыссыз қалды. Мәселен, Зайсан қаласында 9 қонақ үй мен 18 мейрамхана бар. Иелерінің айтуынша, оларға келетін адамдардың саны күрт азайған. Ал Қытайдан киім-кешек және шаруашылық таураларын тасымалдайтындар да табыссыз қалатын түрі бар. Сондықтан кейбір кәсіпкерлер бұрын әкелген тауарларын сатуға асықпай отыр. Есесіне азық-түлік саудалайтын кәсіпкерлер шекараның  уақытша жабылғанын қолдап отыр. Ең негізгісі – қауіпсіздік. Олар жыл сайын қыс айында бір жарым, тіпті екі айға жететін өнімді алдын ала сатып алып қояды. Себебі күн райы күрт бұзылып, жол жабылса, азық-түлік жеткізу қиынға соғады. Сол үшін жылда қыс айында бірнеше айға жетін өнімнің мол қорын әкеп қояды.

Елена Березинская-Абилова, Аймақтық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

- Біздің кәсіпкерлер кез келген қақаған қысқа үйреніп алған. Олар қыс айларында өз кәсіптеріне қанша шығын келетінін жақсы біледі. Дәл қазір жолдардың көбі бірде жабылып, бірде ашылып тұр. Тауар уақытында жетпеуі мүмкін. Қаңтар мен ақпан табыстың ең аз түсетін кезі. Ал Қытайдан тауар тасымалдайтындар үшін шекараның жабылуы биыл дәл осы қаңтар мен ақпанға сәйкес келді. Бұл әрине, оңай емес.

Хабар 24 телеарнасы