loader

Қостанай облысында ұн бағасы бақылауға алынған

Қостанай облысында ұн бағасы бақылауға алынған

Қостанай облысында баға нарығын реттеуде өңірлік тұрақтандыру қорының мүмкіндіктері барынша пайдаланылып келеді.

Былтырдан бері қордағы азық-түліктің 14 атауының бағаларын түсіру мақсатында тауарлық интервенция жүргізіліп келді. Осылайша нарықта қарақұмық, күріш, картоптың айтарлықтай арзандағаны байқалды. Ал ұнның құны аспандап кетпес үшін  кәсіпкерлерге 300 миллион теңге субсидия берілген. Соған сәйкес, диірмен кешендеріне бірінші сұрыпты ұнның келісін 94 теңгеден асырмауға міндеттелді. Қазір оның нарықтағы бағасы 146 теңгеге жуықтайды. 

Салтанат Баекен, ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Әлеуметтік азық-түлік түрлеріне апта сайын мониторинг жүргіземіз. Екі өнім бойынша баға аз-кем көтерілді. Қырыққабат 2 теңге, қант 1 теңгеге өсті. Былтыр тұрақтандыру қоры бір миллиардтан аса теңгеге тоғыз мың тонна өніммен толыққан.

Сондай-ақ...