loader

ЕО елдерінен тартылған тікелей инвестициялар ағыны 16% артқан

ЕО елдерінен тартылған тікелей инвестициялар ағыны 16% артқан

Еуропалық одақ елдерінен тартылған тікелей инвестициялар ағыны соңғы 9 айда шамамен 16 пайызға артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның нәтижесінде көрсеткіш 8,7 миллиард долларға жуықтады. Бұл жөнінде Үкімет басшысы Асқар Мамин елордадағы алқалы жиында мәлімдеді. Мұнда Қазақстанның Еуропалық одақпен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысы өтті. Басқосу барысында Асқар Мамин қос тарап арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге кеңінен тоқталды. Алдағы наурызда күшіне енетін құжат сауда, инвестициялар, инновациялар және инфрақұрылымдық дамуды қоса алғанда қызметтің 29 саласын қамтиды. Өз кезегінде, дипломатиялық миссиялар басшылары Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстарының оң қарқынын атап өтті.

Сондай-ақ...