loader

Асқар Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді primeminister.kz

Асқар Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Көлік жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. 

«Еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері – Үкімет жұмысының аса маңызды бағыты. Көлік саласы Қазақстанның экономикалық өсімінің драйверлерінің бірі және дамудың үлкен әлекетіне ие. Осыған байланысты Көлік жөніндегі кеңесті құру туралы шешім қабылданды», – деді А.Мамин. 

Үкімет басшысы көлік секторы Қазақстанның ЖІӨ 8,2% құрайтынын атап өтті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша сала өсімінің қарқыны 5,1% құрады, ал жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны 640 мың адамнан асады, деп хабарлайды primeminister.kz

Көлік жөніндегі кеңес Қазақстанның көлік саласын және транзиттік әлеуетін дамытудың өзекті мәселелерін, өңірлік көлік-логистикалық хабты құру, тұрғындардың мобильділігін арттыру, ел аумағы бойынша жүктердің жеткізілу мерзімін қысқарту т.б. міндеттерді қарастырады. 

Кеңес құрамына ҚР мемлекеттік органдарының және көлік саласындағы ірі компаниялардың басшылары кірді.

Сондай-ақ...