376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 245 млрд теңгеге қаржы талаптарының бұзылуын анықтаған

  • 139
  • UPD: 14:16, 10.02.2020

Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржыны тиімді бақылау үшін аудит қызметін дамыту керек.

Былтыр ішкі мемлекеттік аудит комитеті 245 млрд теңгеге қаржы талаптарының бұзылуын анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жалпы қаржылық бұзушылықтардың 39 процентін құрайды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайлов айтты. Министрдің мәліметінше, бухгалтерлік есепті жүргізу және жоспарлау мен шығыстарды пайдалану кезінде бюджеттік қаржыны асыра көрсету сияқты заңбұзушылықтар жиі тіркеледі. Ұлттық комиссия 4 жылда 1 мың 500 мемлекеттік аудиторға сертификат берген. Мемлекеттік және атқарушы органдарда 54 ішкі аудит қызметі құрылған. Аудит қызметін жетілдіру үшін бұрыңғыдай кешенді, айлап тексеру әдісі алынып тасталған. Қазір нақтыланған қысқа мерзімді тексерулер жүргізіледі. Бұл салада жемқорлықпен күрес мәселесі де басты назарда. 2017-2019 жылдары 16 аудитор жазаға тартылған.

Хабар 24 телеарнасы