423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда бюджет қаржысын тиімсіз игеру дерегі 10 есеге өскен

  • 552
Қазақстанда бюджет қаржысын тиімсіз игеру дерегі 10 есеге өскен

Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану дерегі былтыр 2018 жылмен салыстырғанда 10 есеге ұлғайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қаржылық заң бұзушылықтардың есебі 4 есе азайды. Енді тиімді түрде жұмсалмаған қаражат үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Бұл Есеп комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Жиында өткен жылы атқарылған шаруалар қорытындыланып, биылғы жұмыс жоспары баяндалды. Бүгінде комитет жұмысы халықаралық тәжірибеге негізделіп жатыр. Қазір Issa-ның 87 талабының 85-і енгізілген. Тағы бір жаңалық, биыл республикалық бюджеттің шоғырландырылған есебіне бағалау жасалмақ.

Нұрлан Нұржанов, Есеп комитетінің мүшесі:

– Келесі жылы 24 аудиторлық шараны жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жариялық, ашықтық мәселесіне де көңіл бөлеміз деп жоспарлап отырмыз. Бұл негізінен біздің Есеп комитеті тарапынан дайындалған және мемлекеттік органдарға берілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуын интернет ресурстарға ілу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы