419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға Катар әмірі келеді

  • 430
  • UPD: 13:32, 14.02.2020
Қазақстанға Катар әмірі келеді ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Катар мемлекетінің сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауари бастаған делегацияны қабылдады.

Али бен Ахмед әл-Кауари Қазақстан Үкіметінің басшысын жоғары деңгейдегі V Қазақстан – Катар бірлескен комиссиясының сарапшылық тобы отырысының қорытындылары туралы хабардар етті.

Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-банк, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті, деп жазады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі. 

Елдердің арасында визасыз режим орнатылған, жақында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстерді іске қосу жоспарланған. Одан кейін астаналар арасында ғана емес, сондай-ақ Алматы мен Доха арасында аптасына 7 рет жиі рейстер орындала бастайды. 

Тараптар биыл наурыз айында Қазақстанға Катар шейхі әмір Тамим бен Хамад әл-Танидің келуін, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржы-банк салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. 

Кездесуге ҚР ұлттық экономика министрі Р.Дәленов, Катар мемлекетіндегі ҚР төтенше және өкілетті елшісі А.Шоқыбаев қатысты.

Хабар 24 телеарнасы