439,09 487,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті ЭЫДҰ бас хатшысы Анхел Гурриамен кездесу өткізді

  • 256
  • UPD: 00:02, 15.02.2020

Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы аясында Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының Бас хатшысы Анхел Гурриамен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Бас хатшымен бұған дейін Сенат төрағасы ретінде кездескенін айта келе, екіжақты серіктестіктің ілгерілегенін атап өтті. Анхель Гурриа өз кезегінде бүгінгі кездесуге қуаншыты екенін білдіріп, екі тараптың әріптестігі бұдан да дами түседі деген сенімін жеткізді.

Анхел Гурая, экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының бас хатшысы:

– Біз көптеген министрмен бірлесіп жұмыс істедік. Қарым-қатынастың жыл санап дамып келе жатқанын ғана айтқым келеді. Бүгінгі кездесуге шын жүректен қуаныштымын. Биыл серіктестігіміз одан әрі өрлей түседі деген сенімдемін. Өйткені маңызды құжаттарға қол қоймақпыз. Бұл осыған дейін қол қойылған 2019-2021 жылдарға арналған келісімнің жалғасы болмақ.

Хабар 24 телеарнасы