432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің кеңесі өтіп жатыр

  • 343
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің кеңесі өтіп жатыр

Ол Еуразиялық интеграцияның стартегиялық бағыттары жобасын пысықтауға арналған.

Жиынға қатысушылар елдер арасындағы кедергілер мен шектеулерді алып тастау, кедендік реттеу, тауарлар қауіпсіздігі және тұтынушылар құқығын қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

50-ге жуық мәселе бойынша ортақ шешім табылған. Стратегияның жаңа бағыттары ішінде жасыл технология мен баламалы энергияны дамыту, денсаулық сақтау, туризм, білім және ғылым салаларының экономикалық аспектілері сынды мәселелер бар. 

Тимур Жақсылықов, ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі:

– Бұл – негізі еуразиялық интеграцияның барлық саласы мен бағытын қамтитын құжат. Ол бізге интеграцияның 2025 жылға дейін қандай бағытта дамитынын тұжырымды түрде жинақтап, көрсетуі тиіс. Қазір қызу жұмыстар жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы