425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық тұз экспортының көлемі 61 есеге артты

  • 757
  • UPD: 10:24, 17.02.2020
Қазақстандық тұз экспортының көлемі 61 есеге артты

2019 жылы елімізде 260 мың тоннадан астам тұз өндірілді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға артық. 

Тұзбен ішкі нарықты қамтамасыз ету 2019 жылы 143 %-дан (243 мың тонна) асқан болатын.

Қазақстанда өткен жылы ас тұзы экспортының күрт өсуі тіркелді. 11 ай ішінде шетелдерге 6,3 млн АҚШ доллары сомасына 85 мың тоннаға жуық минерал жөнелтілді. Тауардың басым бөлігі Ресей Федерациясы мен Қырғызстан еліне сатылған.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2018 жылдың 11 айында экспортқа 102 мың долларға 3 мың тонна шығарылған екен.  

Сондай-ақ ЕАЭО аумағында таралатын барлық ас тұзын тәуелсіз аккредиттациясы бар зертханалар тексеріп, сәйкестік декларациясын беріп отырады.

Ақпарат көзі: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы