439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келешекте Қазақстан өзін құс етімен және сүтпен толық қамтамасыз етеді

  • 171
  • UPD: 18:30, 21.02.2020
Келешекте Қазақстан өзін құс етімен және сүтпен толық қамтамасыз етеді

2024 жылға қарай Қазақстан өзін құс етімен және сүтпен толықтай қамтамасыз етеді. Бұл жайында ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомствоның бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Биыл еліміз бойынша сүт шаруашылығын дамыту бағдарламасы шеңберінде 25 өнеркәсіптік және 30 отбасылық тауарлық сүт фермасы құрылады.  Сондай-ақ  министрлік субсидиялау арқылы құс етінің үлесін  арттыруға да ниетті. Сала мамандары тірі малды экспорттауға шектеу қою жөнінде пікір білдірді. Бұл іске наразылық білдіріп жатқандар жоқ. Бірақ малды тірілей сыртқа шығармау бағасына қаншалықты әсер ететінін әзірге белгісіз. Ал алдағы 5 жылда шет жерден сүт тасымалдау мәселесін түбегейлі шешіледі деген жоспар бар.   

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Бізге 500 мың тонна сүт импорты кіргізіледі. Соны әрмен қарай толығымен қамтамасыз ету үшін бізге жыл сайын 25 тауарлы сүт фермасын салу керек. 5 жылдың ішінде 125-ін саламыз деп жоспарлап отырмыз. Сонда біз 500 мың тонна импорт сүтті жауып тастаймыз. Ол үшін үлкен қолдау болады. Оған көңіл бөліп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы