420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕЭК алқа төрағасы М.Мясникович тілшілер сұрағына жауап берді

  • 297
  • UPD: 20:44, 24.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Михаил Мясникович еліміздің президенті, премьер-министрі және Сенат төрағасымен кездескен соң тілшілер алдына шықты. Сұрақ-жауап барысында ол, одақ аясындағы бірқатар мәселелер жөнінде ой бөлісті. Соның бірі тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісім.

Айта кетейік, бұл қазір одақ елдері кәсіпкерлерін алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі. Өз сөзінде комиссияның алқа төрағасы таңбалауға о баста қарсы болғанын атап өтті. 

Михаил Мясникович, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

- Екі жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкімет басшылары таңбалау жөніндегі келісімге қол қойды. Процесс сол кезде басталған.  Бастапқыда бұл өзгеріс ішіктер мен тондарға қатысты болды. Енді аяқ киімге қатысты сұрақтар талқыланып жатыр. Бұл өзгерістің болатыны не болмайтыны алдағы 1-2 күнде шешіледі. Не болмаса қанша уақытқа шегерілетіні анықталады. Сонымен қатар пилоттық жобалар жүріп жатыр. Таңбалаусыз жұмыс істеуге бола ма? Әрине менің ойымша болар еді.

Хабар 24 телеарнасы