426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаржы министрлігі: Төлем жүйелерінде мемлекеттік бақылау әлсіз

  • 362
  • UPD: 15:31, 25.02.2020
Қаржы министрлігі: Төлем жүйелерінде мемлекеттік бақылау әлсіз

Елімізде қолма-қол ақшасыз төлем жүйелері қарқынды дамығанымен, әр операцияны жіті бақылауда ұстау әзірше мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде күдік пен күмән тудырар ақша аударымдары азаймай тұр. Бұл өз кезегінде лаңкестікті қаржыландырудың алдын алуға кесірін тигізуі мүмкін дейді Қаржы министрлігінің өкілдері. Мәселен, бүгінгі күні шет мемлекеттерге жалпы көлемі 27 трлн теңге ақша аударылған. Оның 80 проценті Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Швейцария және Америка Құрама Штаттарына тиесілі. Осыған байланысты Қаржы мониторинг комитетінде бірыңғай ақпараттық талдау қызметі жұмыс істейді. Арнайы база арқылы көлеңкелі операциялар табысты жекешелендіру, ақшаны жымқыру немесе лаңкестікті қаржыландыру сияқты топтарға жіктеледі. Күдік расталса, ақпарат Бас Прокуратура арқылы құқық қорғау органдарына жөнелтіледі.

Ғабит Лесбеков, ҚР қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы:

– Жылына кем дегенде 1,5 млн-нан артық осындай нақты ақпарат түсіп отырады. Оның жартысынан көбі шектен тыс қаражаттан. 10 млн-нан артық түскен қаражат. Операциялар, 600 мыңнан астам бөлігі күдікті операциялар.

Хабар 24 телеарнасы