448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан Қостанай облысымен тығыз байланыста жұмыс істеуге әзір

  • 160
  • UPD: 22:14, 26.02.2020

Өзбектер Қазақстанның астығы, еті мен сүтіне зәру, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің Үкімет басшысы Абдулла Арипов қазақ елінің премьер-министрі Асқар Маминмен кездесуінде осылай деді. Тараптар бүгін Үргеніш қаласында келіссөздер жүргізді. Ала шапанды ағайын Қостанай облысымен қоян-қолтық жұмыс істеуге әзір. Асқар Мамин осы жерде екінші өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, су-энергетика, тоқыма өндірісі, көлік құрастыру, туризм, экология, қаржы технологиялары сынды сан саладағы күрмеулі мәселелерді талқылады. Бұл ретте Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аумағында жеңіл өнеркәсіптің қазақ-өзбек кластерін құруды ұсынды. Сонымен бірге Түркістан, Ташкент, Самарқан, Бұқара облыстарындағы туристік аумақтар бойынша «Алтын шаршы» бағытын ашу туралы идеяны ортаға салды. Форум барысында тараптар жалпы құны 500 млн АҚШ доллары болатын 52 құжатқа қол қойды.

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының премьер-министрі:

– Екі ел арасындағы сауда-саттық бүгінде 4,1 млрд АҚШ доллардан асты. Биыл бұл көрсеткішті 5 миллиардқа дейін жеткізу жоспарда бар. Ол үшін қос мемлекеттің қауқары жеткілікті. Ал алдағы уақытта алыс-беріс көлемі 10 млрд долларға дейін жетеді деп отырмыз. Өндірістік процестерді біріктіру бойынша жетістіктерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта көлік құрастыру, құрылыс материалдарын өндіру, агроөнеркәсіп бағыттары бойынша бірлескен жобаларды табысты жүзеге асырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы