448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин екінші деңгейлі банктерді отандық тауар өндірушілерді қолдауға шақырды

  • 151
  • UPD: 16:09, 28.02.2020

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры бүгін еліміздегі бірқатар компаниямен жалпы құны 34 миллиард теңгеден асатын келісімдерді бекітті.

Бас қалада отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған алғашқы форум өтті. Алқалы жиынға қатысқан үкімет басшысы Асқар Мамин екінші деңгейлі банктерді отандық тауар өндірушілерді қолдауға шақырды. Қор бүгінде жаңа өндіріс орындарын ашу бойынша 27 оффтейк келісімді мақұлдаған. Инвестициясы – шамамен 915 миллиард теңге. Осының нәтижесінде 2 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Мұны премьер-министр «Самұрық-2020» бизнес форумында айтты. Бүгінде импортты алмастыратын 3 300-ден аса тауар айқындалған. Бұл бағыттағы жобаларды жүзеге асыруға 180 кәсіпорын қызығушылық танытып отыр.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Сыртқы сұраныс төмендегенде, нарықта бәсекелестік артады. Осыған байланысты біз қосымша шараларды қабылдап, өндіріс пен жұмыс орындарын сақтап қалуымыз керек. Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия сынды экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттық экономиканың тұрақты өсімі ішкі өндіріс пен өнеркәсіпке байланысты. Сондай-ақ шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпорындардың арасында орнайтын тығыз кооперация да – маңызды қадамдардың бірі. Бүгінгі форумға шағын және орта бизнес саласындағы 200-ге тарта кәсіпорынның өкілдері қатысуда. Осылайша ұлттық компаниялар, өндірушілер арасында диалог орнайды.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

– Тиісті жұмыстардың нәтижесінде біз 650 миллиард теңгенің тауарын бескелестік ортаға бердік. Яғни бұл жүйе 13 мыңдай шағын бизнес нысанын қамтыды. Ол жерде кедергілер азайтылды. Бәрін тауар өндіруші өзі реттейді. Отандық компаниялар бәсекелестік ортадан 40 миллиард теңге пайда көрді.

Хабар 24 телеарнасы