476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еліміздің автоөндіріс саласы қарқынды дамып келеді

  • 583
  • UPD: 21:00, 28.02.2020

Бір ғана Қостанай зауытында көліктердің он шақты түрі шығарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіл машина, арнайы техникалар өндірісі де жыл санап артып келеді. Биыл бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда екі есе өскен. Өскемен автозауытында да өткен жылы 120 мың жеңіл көлік құрастырылды.

Дәулет Нысанбаев автозауытта алты жылдан бері жұмыс істейді. Дәнекерлеу цехының бригадирі. Қарамағында 5 адам бар. Олар көлік кузовын құрастырады.

Дәулет Нысанбаев, дәнекерлеу цехінің бригадирі:

- Дәнекерлеуден шығатын кузовқа есік орнатамыз, одан кейін түзетіп, техникалық процесс бойынша түзетеміз, өлшейміз.

Кәсіпорын жыл санап экспорт ауқымын да арттырып келеді. Былтыр Қостанайда құрастырылған көліктердің 3 мыңға жуығы шет елдерге экспортталды. Ал олар биыл бұл көрсеткішті 20 мыңға жеткіземіз деп отыр.

Динара Шөкежанова, компанияның бірінші вице-президенті:

- Өткен жылы Қазақстанда 50 мың жаңа машина сатылған. Соның 25 мыңы Қостанайда шығарылған. Ішкі нарықтағы үлесімізді оданда арттыра түсуге мүмкіндігіміз бар. Ал әлемді дүрліктірген коронавирус біздің негізгі бренд қытайлық маркалы автокөлік өндірісіне еш әсер еткен жоқ. Техника, қосалқы бөлшектер келісімге сай, жеткізіліп жатыр.

Автозауытта 1300 адам жұмыс істейді. Және барлығы өз мамандарымыз. Сондай-ақ Өскеменде былтыр 120 мың жеңіл көлік құрастырылды. Отандық автоөндірушілер жеті жаңа түрін жасақтады. Ерекшелігі – көліктерді алыстан смартфон арқылы оталдыруға болады. Көліктің техникалық жағдайын да бақылап отыруға мүмкіндік жасалған. Осындай ноу-хаудың арқасында отандық автоөндіріс 15%-ке өсті.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Мағауия Қалиев

Хабар 24 телеарнасы