411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Министрлер Армениядан әкелінген көлік иелерінің бастамашы топ өкілдерімен кездесті

  • 251
  • UPD: 22:11, 28.02.2020
Министрлер Армениядан әкелінген көлік иелерінің бастамашы топ өкілдерімен кездесті

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов пен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Армениядан әкелінген көлік иелерінің бастамашы топ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда сырттан келетін көліктерді жеткізуге қатысты ұлттық және Еуразиялық экономикалық одақтың заң нормалары түсіндірілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің айтуынша, Арменияға жеңілдетілген баж салығымен жеткізілген техника тек сол елдің аумағында қолданыла алады. Бұл Арменияның Еуразиялық одаққа мүшелікке өтуі кезінде қойылған басты талабы болатын. Біздің елдің азаматтары көліктерді сол елдің тұрғыны ретінде рәсімдеген. Ал бұл Еуразиялық экономикалық одақ заңдарына қайшы.

Мұндай көліктер Қазақстан аумағында тіркеуден өтуі керек, утилизациялық алым және кедендік төлемдер жасалуы тиіс. Оның үстіне көліктер ЕАЭО техникалық талаптарына сай келуі керек. Бастамашы топ өкілдері бұған дейін ел аумағына кіргізілген көліктерді тіркеуге қою төлемдерінен босатып, заңдастыруды сұрады. Есесіне, 2020 жылдың 1 наурызынан бастап Армениядан көлік әкелуді шектеуді немесе сақтандыру төлемін 3 млн теңге көлемінде белгілеуді ұсынды. Ал, жауапты орган өкілдері екі ұсыныс айтты. Оның бірі шетел көліктерін бастапқы төлемнен босатып уақытша кіргізу, екіншісі бастапқы тіркеу төлемінен 1 жылға босату арқылы уақытша тіркеу. Тараптар кездесуді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі алаңында жалғастыруға келісті.

Хабар 24 телеарнасы