447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустың өршуі доллар бағамына қалай әсер етті

  • 140
  • UPD: 12:54, 03.03.2020
Коронавирустың өршуі доллар бағамына қалай әсер етті

Коронавирустың Қытайдан тыс жерде таралуы инвесторлардың дамушы елдердің активтерінен шығуына себеп болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі Facebook-те жазды.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 21 – 28 ақпан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар тіркелді. Италия, Оңтүстік Корея және Иран коронавируспен ауыру жағдайларының күрт өскенін хабарлады, ДДҰ коронавирус індетінің қауіптілігін «өте жоғары» деңгейге көтерді.

АҚШ ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл вирустың таралуы АҚШ-тың экономикалық өсуіне «өсіп келе жатқан тәуекелдерді туғызады» деді және қажет болған жағдайда Орталық Банк пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге дайын екендігін білдірді.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.

Хабар 24 телеарнасы