419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда қазіргі уақытта 40 ірі және орта жеңіл өнеркәсіп саласы жұмыс істеп тұр

  • 469
  • UPD: 16:11, 04.03.2020

Қазақстан өнеркәсібіндегі ең проблемалы сектор – жеңіл өнеркәсіп.

Бүгін Сенатта өткен Парламенттік тыңдауда Жоғары палатаның төрағасы Дариға Назарбаева осылай деді. Оның айтуынша, ел экономикасында ұзақ жылдар бойы өңдеуші өнеркәсіпке басымдық беріліп, бұл сала біраз кенжелеп қалған. Бұдан бөлек, Сенат төрағасы жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі келтіріп отырған бірқатар мәселелерді атады. Тарқатып айтсақ, бұлар – өндірістің қымбаттылығы, қажетті жабдықтардың жоқтығы, шикізат тапшылығы, мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі және көлеңкелі импорт. Сондай-ақ Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіптегі импорттың экспорттан 17 есе көп екенін атап өтті.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қазақстанда қазіргі уақытта 1071-ден 40 ірі және орта жеңіл өнеркәсіп саласы ғана жұмыс істеп тұр. Яғни, жеңіл өнеркәсіптің типтік кәсіпорны – бұл тігін немесе аяқ киім фабрикасы емес, ателье және артель. Кейбір салаларда 1 ғана ірі немесе орта кәсіпорын бар. Бұл ретте барлық кәсіпорындардың орташа қуаттылығы 26 пайыздан сәл асады.

Хабар 24 телеарнасы