427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңырда газдың бағасы едәуір арзандады

  • 395
  • UPD: 22:43, 07.03.2020

Байқоңырда көгілдір отын 16 есе арзандады. Қала мен ғарыш айлағына газ жеткізу құқығы отандық кәсіпорынға берілген. Бұл соның жемісі.

Бұған дейін жұлдызды қалашықтың 74 мыңға жуық тұрғыны ресейлік оператор ұсынған сұйытылған газды тұтынып келген. Ондағы баға текше метріне 714 теңге еді. Енді Үкіметаралық келісімге сәйкес қазақстандық газбен жабдықтаушы мекеме қызмет көрсетеді. Ол ресейлік салық органдарына тіркелмейді, тиісінше оған қосарланған салық салынбайды. Осылайша табиғи газды бөлшек саудада өткізу бағасы Қызылорда облысының газ тұтынушыларымен теңестірілді. Яғни қазіргі баға қосымша құн салығын есептемегенде 18 теңгеден сәл асады. Шотқа салып, сандарды сөйлетсек, байқоңырлық абоненттер үшін бұрын бір айға төлем көлемі 3-3 жарым мың теңге болса, қазір әрі кетсе 250 теңге. Қазір Байқоңырдағы 323 көп қабатты үй түгел газға қосылған. Енді мазутпен жағылатын «Жылу электр орталығын» отандық көгілдір отынға қосу жоспары бар. Қазір екі жақты келіссөз жүріп жатыр. 

Ерлан Жоламанов, облыстық энергетика ЖӘНЕ ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Ол жақта ең халыққа қымбат болып отырған тариф – жылудың тарифі. Яғни тұрғындар бізде 6 айға төлейтін болса маусымдық жылуға, ол жақта 12 айға бөліп қойған. Ыстық су барлығына сол халық қалтасына түсетіні сол тариф. Сол себепті олар да осы «Жылу электр орталығын» газға қосуға байланысты ұсынысымызды қолдап, жұмыс жасап жатыр өз қаражатына.

Хабар 24 телеарнасы