413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОПЕК ұйымы ыдырап кетуі мүмкін

  • 463
  • UPD: 13:48, 09.03.2020

Мұнай экспорттаушы елдердің ОПЕК ұйымы ыдырауға жақын тұр. Мұндай пікірді экономист Арман Байғанов айтты.

Сарапшы аталған ұйым әлемдік мұнай нарығын реттеуге шамасы жетпей жатыр дейді.

Сондықтан мұнай өндіруші компаниялардың басым бөлігі банкротқа ұшырамай, баға соғысы жалғаса береді. Бұл өз кезегінде нарықта қара алтынның азаюына әкеледі. Салдарынан баға тағы шарықтайды. Бірақ экономикасы мұнай шикізатына тәуелді елдер үлкен шығынға батуы мүмкін. Байғанов осылай деді. 

Арман Байғанов, экономист:

- ОПЕК ұйымы ыдырауға жақын тұр. Қазір кім күшті – соның заманы. Яғни алпауыт мұнай компаниялары өмір сүре береді. Олар өндіру көлемін арттыруды тоқтатпайды. Сауд Арабиясы да, Ирак та өзге компаниялар да осылай істейді. Біз 2015-2016 жылдардағы жағдайды көруіміз мүмкін. Ол кезде мұнай бағасы қысқа уақытта 30 долларға дейін түсіп кеткен еді.

Хабар 24 телеарнасы