430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнай бағасының құлдырауы Азия биржаларына әсер етті

  • 658
  • UPD: 15:58, 09.03.2020

Мұнай бағасының құлдырауы мен америкалық доллардың еуроға шаққандағы бағамының құбылуы Азия биржаларына кері әсер етті.

Гонконг биржасы 4,8 процентке төмендеп, Жапонияның «Никкей 225» индексі 5,77 процентке арзандады. Шанхай қор биржасы 2 пайызға түсті. Осы ретте сарапшылар алдағы уақытта «Брент» маркалы мұнай бағасы барреліне 20 долларға дейін арзандуы мүмкін деп отыр. Салдарынан Ресей күн сайын 100-150 миллион доллар кірісінен айырылуы ықтимал.

Еске сала кетейік, наурыздың 6-сы күні ОПЕК+ елдерінің мұнай министрлері бас қосып, мұнайды өндіру көлеміне қатысты келісімді ұзартуды талқылады. Алайда Ресей мен Сауд Арабиясы ортақ шешімге келе алмай мұнай бағамы бірден 30 процентке құлдырады.

Хабар 24 телеарнасы