435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені өсіруін қаржыгерлер құптап отыр

  • 117
  • UPD: 21:31, 10.03.2020
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені өсіруін қаржыгерлер құптап отыр

«Доллар бағамының қымбаттауынан халық жапа шекпеуі керек» дейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова.

Білікті сарапшының пікірінше, еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалу үшін Ұлттық банк өзінің алғашқы және дұрыс қадамын жасады. Яғни базалық сыйақы мөлшерлеме деңгейін 12 процентке дейін ұлғайтты. Бұл шара еліміздегі инфляция межесін қазіргіден асырмау үшін жасалғаны анық. Сондықтан ең алдымен ақшаның құнсызданбауын қадағалап отырған Ұлттық банктің бұл қадамдарын қаржыгерлер қолдап отыр дейді сарапшы.

Елена Бахмутова, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

- Ең бастысы, жұмыс орындарын сақтап қалу, шағын және орта бизнесті құлдыратып алмау керек. Менің ойымша, бұдан әрі қарай импорт алмастыру мәселесін қарастыру керек, яғни мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алу шараларына отандық  өндірушілерді тарту қажет. Үкімет пен Ұлттық банк жедел және оң шешім қабылдады. Нақты бағыттар айқындалды. Сондықтан дүрбелең салудың қажеті жоқ. Себебі үкіметтің әлемдік экономикалық дағдарысқа төтеп бере алатын тәжірибесі бар.

Хабар 24 телеарнасы