447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдік нарықтағы жағдай Қазақстан қор биржасына да әсер етті

  • 122
  • UPD: 17:55, 11.03.2020
Әлемдік нарықтағы жағдай Қазақстан қор биржасына да әсер етті

Қазақстан қор биржасында бүгін 1 АҚШ доллары 394 теңге 41 тиын болып тұр.

Ал, кеше Америка валютасы 394 теңгеден саудаланған еді. Доллар жұмыс күнінің соңына дейін тағы өсе ме әлде төмендей ме, ол жағы кешкі сессиядан кейін белгілі болады. Әлемдік қаржы нарығындағы жағдай Қазақстан қор биржасына да кері әсер етуде. Бұл туралы қордың басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк хабарлады. Кеше KASE индексі 4,7%-ке төмендеген. KASE индексіне Лондон қор биржасында саудаланатын «Халық банк» пен KAZ Minerals компанияларының акцияларының арзандауы ықпал еткен.

Андрей Цалюк, Қазақстан қор биржасы басқарма төрағасының орынбасары:

- Кеше «Халық банктің» акциясы 9,74%-ке, KAZ Minerals-тікі 6,32%-ке арзандады. Ал, «КазТрансОйлдың» бағалы қағаздары 6,09%-ке төмендеді. «КазТрансОйл» мұнай емес, тасымалдаушы компания. Сондықтан мұнай бағасының KASE индексіне тікелей ықпалы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы