439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге Қытайдан келетін импорт азайды

  • 101
  • UPD: 23:11, 11.03.2020
Елімізге Қытайдан келетін импорт азайды

Бұған әлемді жайлаған COVID-19 вирусы себеп.

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. Жұқпалы дерттің кең таралуының салдарынан еліміз ғана емес, одақтас мемлекеттер де шекаралық шектеу енгізген болатын. Яғни, кейбір тауарларды импорттауға рұқсат жоқ. Мұның соңы Еуразиялық экономикалық одақта сыртқы сауда айналымының азаюына әкеп соқтырды. Егер былтырғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға Қытай тауары тиелген 13822 көлік келсе, биыл олардың саны 11 мыңға кеміген.

Марат Сұлтанғазиев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

Коронавирус Қытайдан пайда болған соң импорт азайды. Қаңтар мен ақпанда Қытай тарапынан 22%-ке тауар айналымы азайды. Оның ішінде автокөліктер 24, теміржол 14%. Әрине, импорт азайған соң түсімдерге әсер етеді.

Хабар 24 телеарнасы