424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік сатып алу жеңілдетіледі

  • 615
  • UPD: 15:27, 12.03.2020
Мемлекеттік сатып алу жеңілдетіледі

Мемлекеттік сатып алуды бір көзден іске асыруға рұқсат беру үшін қаржы министрлігі тапсырыс берушілер мен тауарды жеткізушілердің арнайы реестрін құрмақ. Осылайша ведомство, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды көздейді.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде өткен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру кезінде мәлім болды. Бұдан бөлек мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру мақсатында электронды дүкен жүйесі құрылады. Онда тауар жеткізуші мен қызмет көрсетушілер ұсынған тауар бағасы бағасы мен өндірістік паспорты көрсетіледі. Сондай-ақ порталдың көмегімен жеткізіп берушілердің рейтингісі автоматты түрде анықталады. Жобаның тағы бір мақсаты - әкімдердің тендерлік байқауға араластырмау. Себебі қолданыстағы заң мемлекеттік тапсырыс көлемі 2 миллиард теңгеден асқан жағдайда әкімдер мен орталық орган басшыларын қатысуға міндеттейді.

Руслан Бекетаев, ҚР қаржы министрінің орынбасары:

- Бүгінде автоматтандыру үрдісіне байланысты бұл процесс тек техникалық сипатқа ие болды. Сондықтан бұл тұлғалардың араласуына тоқтау салынады. Бұрын қағаз жұмысы көп болды. Оған қоса әкімдер бұл процесті қадағалаушы ретінде қатыстырылған еді. Ал қазір мемлекеттік сатып алудағы ашықтық пен әділдікті порталдың өзі қадағалай алады.

Хабар 24 телеарнасы