429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарапайым заттар экономикасындағы түйткілді мәселелер талқыланды

  • 449
  • UPD: 15:55, 12.03.2020

Елімізде қарапайым заттар экономикасы қарқынды дамып келеді. Өткен айдың өзінде жаңадан 130 жоба ұсынылған.

Ал арнайы комиссия қарамағындағы жобалар саны 220-дан асты. Бұл жөнінде Үкімет үйінде өткен жиында белгілі болды. Импортты алмастыру және экспортты дамыту бойынша ведмоствоаралық комиссия отырысында саладағы түйіткілді мәселелер көтерілді. Әсіресе өңірлерде жобалық кеңеселер ашып, олардың жұмысын үйлестіру тетіктері талқыланды. Бұған қоса жаңа жұмыс орындарын ашу мен жалақы көлемін көтеруге қатысты жағдайлар да сөз болды. Үкмет басшысы Асқар Мамин кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдаулар аясы кеңейетінін алға тартты. 

Бекнұр Несіпбаев, «Astana Motors» компаниясының бас директоры:

- Отандық тауар шығарушыларды қолдау үшін жаңа бағдарламалар енгізіліп жатыр. Мысалы, 6 проценттік несиені 10 жылға дейін беруге болады. Бұло мемлеке тарапынан өте жақсы көмек.

Хабар 24 телеарнасы