411,57 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында азық-түлікке сұраныс артқан

  • 99
  • UPD: 21:51, 16.03.2020

Алматы облысында азық-түлікке деген сұраныс артқан. Осыған орай арнайы құрылған штаб өкілдері дүкендер мен сауда орындарын аралап шықты.

Мамандардың айтуынша, биыл  тұрақтандыру қорына 11 мың тоннаға жуық әлеуметтік тағам түрі алыныпты. Қазіргі таңда соның 2,5 мың тоннасы қоймада екен. Қажет жағдайда нарыққа шығарылмақ. Бағаны тұрақтандыру жұмыстарымен қатар өңірдегі барлық мекемелерде санитарлық қадағалау күшейтілген. Қытаймен шектесетін 6 кеден бекетінде туристердің өтуіне тыйым салынған. Ал «Қорғас» орталығы арнайы қаулымен ашылатын болады. Бүгінде екі ел арасында тауар таситын пойыз бен жүк көліктері ғана қатынап тұр. Жүргізушілер жіті тексерістен өтіп, техникалары залалсызданғаннан кейін ғана ел аумағына кіргізілуде. Медицина саласына қатысты да тиісті шаралар қабылданды. Дәрігерлердің біліктілігі арттырылған. Оқшаулау орындарына шетелден келген үш адам жатқызылыпты. 

Бауыржан Ысқақ, облыстық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Олар ыстығы көтерілуі себебінен ауруханаға жатқызылды. Бірден вирусологиялық анализдері алынды, анализдердің бәрі теріс нәтиже берді. Яғни анықталған жоқ. Қазір денсаулығы жақсы. Соған қарамастан олар бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы