447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк интервенция жасауын тоқтатты

  • 123
  • UPD: 22:13, 16.03.2020
Ұлттық банк интервенция жасауын тоқтатты

Ұлттық банк интервенция жасауды тоқтатты. Базалық мөлшерлеме 12 пайыз деңгейінде қалды. Бұл шара ұлттық валютаны жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу мақсатында жасалып отыр екен.

Айта кетейік, мұнай бағасының күрт төмендеуінен қаржы нарығы құлдырап, теңгенің долларға шаққандағы бағамы төмендеді. Қара алтынның бұлайша құнсыздануы соңғы 30 жылда бірінші рет болып отыр дейді мамандар. Бүгінде мұнай бағасы бареліне 31 долларға дейін түсті. Бұл жағдайға әлемге тараған коронавирустың әсері де жоқ емес дейді Ұлттық банк өкілі. 

Әлия Молдабекова, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

- Ұлттық банк өткен аптада бірінші кезекте  ішкі нарықтың тұрақты болуын негізге алды. Жағдайдың бақылаудан шығып кетпеуін қадағалады. Егер біз бұрын базалық көрсеткішті мұнай баррелінің құнын 60 доллардан деп есептесек, ал бұл жағдайда оны 35 доллар шамасында деп қарастырдық. Жағдай әрі қарай да бақылауда ұстайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы