435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпкерлер кредит төлеу мерзімінің шегерілуін қолдайды

  • 166
  • UPD: 10:06, 18.03.2020
Кәсіпкерлер кредит төлеу мерзімінің шегерілуін қолдайды

Төтенше жағдай режиміне сай Үкімет кәсіпкерлердің кредит төлеу мерзімін кейінге шегерді. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жангелді Шымшықов, бұл шешім өте дұрыс және уақытылы қабылданған деп отыр. 

Жангелді Шымшықов, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор:

- Мемлекетіміздің жалпы саясаты шағын және орта бизнесті қолдау. Осы тұрғыдан келгенде кәсіпкерлерге қол ұшын беру керек. Олардың жаңағы пролонгация деген болады, рефинансирование деген болады. Шағын және орта бизнестің қиналған сәтінде сәл-пәл болса да демеу көрсету қажет.

Хабар 24 телеарнасы