435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін түнде Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантинге жабылады

  • 158
  • UPD: 14:25, 18.03.2020

Бүгін түнде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Адамдардың қалаға келіп кетуі шектеледі.

Ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес базарлар жұмысын тоқтатады. Тек сауда орындарының ішіндегі азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейді. Мегаполистерден келесі санаттағы адамдар кіріп-шыға алады. Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары үйлеріне оралу үшін қалаға қайта кіргізіледі. Шет мемлекеттерден және Республиканың басқа аймақтарынан келген қонақтар да үйлеріне жете алады. Растайтын құжаттарды ұсынған кезде шетелге емделуге кететін тұрғындарды да шығарады.

Айта кету керек, қазір шетелде жүрген отандастарымыз да карантинге жабылған қалаларға жіберілмейді. Әрине, эпидемиологиялық жағдайы аса күрделі елдерден келгендердің барлығы коронавирусқа тексеріледі. Сондай-ақ қос қала маңындағы аймақтарда тұратын тұрғындар да жұмыстарына келе алады.

Хабар 24 телеарнасы