435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұнай бағасы төмендеп, доллар бағамы өсті

  • 150
  • UPD: 15:35, 19.03.2020
Мұнай бағасы төмендеп, доллар бағамы өсті

Қазақстан қор биржасы Ұлттық банкпен бірлесіп, келесі сауда сессиясын уақытша Франкфурт аукционы негізінде өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, сауда доллар-тенге валюталық жұбы бойынша жүреді. Сарапшылардың айтуынша, бұл өтімділікке мұқтаж банктер мен компаниялардың өтініштерін теңестіруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайға әлемдік қаржы нарығындағы бағаның күрт құбылуы әсер етіп отыр.

«Сонымен қатар мұнай барелінің 25 долларға дейін құлдырауы да жағдайды қиындатып отыр», - дейді сарапшылар. Осылайша, ресейлік рубль бір күнде 7%-тен астам жоғалтты. Мамандардың айтуынша, Франкфурт режиміндегі сауда-саттық 20 наурызда өтеді. Бұдан әрі биржадағы сауда құрылымындағы өзгерістер туралы қосымша хабарланады.

Хабар 24 телеарнасы