435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанға 350 мың медициналық маска жеткізілді

  • 111
  • UPD: 18:19, 19.03.2020
Нұр-Сұлтанға 350 мың медициналық маска жеткізілді

Нан мен кондитерлік өнімдер қаптамамен ғана сатылады. Транзиттік пойыздар елордаға тоқтамай өтіп кетеді.

Ал қала маңында тұрып, елордаға қатынап жұмыс істейтіндер үшін ешқандай шектеу жоқ. Медициналық жабдық жеткілікті. Бүгінде бас шаһарға 350 мың маска әкелініп, дәріханаларға таратылды. Біреуін 56 теңгеден алуға болады. Бетперделер тағы да жеткізілмек. Ал жағдайы ауыр адамдарға дәрілерді мамандар үйлеріне апарып береді.

Атап өтейік, елордада коронавирус анықталған адамдардың кішісі он төртте. Үлкені 59 жаста.

Хабар 24 телеарнасы