445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент Ұлттық банкке кәсіпкерлерді қолдауды тапсырды

  • 125
  • UPD: 15:44, 20.03.2020

Мемлекет басшысы Ұлттық банкке кәсіпкерлерді қодауды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8 процентпен 1 жыл мерзімге 600 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие беруді тапсырамын. Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 триллион теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді», – деді Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы