423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнай компаниялары дағдарыс алдында тұр – The Times

  • 382
  • UPD: 16:30, 20.03.2020
Мұнай компаниялары дағдарыс алдында тұр – The Times inosmi.ru

«2014 жылы мұнай бағасы құлдырағаннан кейін көптеген компаниялар пайда табу үшін жұмысын оңтайландырды.

Ал бұл жолы қателесуге болмайды. Егер мұнай тасымалдаушы немесе алушы компаниялар шығынын мен инвестициясын қысқартатын болса, болашақ резервінде үлкен жырық пайда болады», - деп жазады The Times басылымы.

Басылымның жазуынша, өткен аптадағы Ресей мен Сауд Арабиясының арасындағы келіспеушілік кесірінен ОПЕК+ альянсы құлап, мұнай алудағы шектеу туралы келісім де орындалмайтын болды.

«Көпшілігі бензин мен басқа да жанармай бағасының төмендегеніне қуануы мүмкін. Дегенмен, мұнай компанияларын құқықтық жұмыстар күтіп тұр.

«Мұндай компаниялар қарыз бен капитал есебінен қаржыландырылады. Мұнай компанияларының қарызы түптеп келгенде жер қойнауындағы қорға байланысты. Ал мұнай бағасы құлдыраған сайын қордың да азаюынан банктер мен басқа да несиелендіру орындары қарызды жабуға кепілдік болмайтынына алаңдай бастайды», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, 2014 жылы мұнай бағасы құлдыраған кезде көптеген компаниялар төлем қабілеттілігінен айырылды. Бұл жолы да осы оқиға қайталануы мүмкін. Бұл мұнай өндірушілерге ғана емес, тасымалдау компанияларына да қатысты.

«Кей компаниялар төмен бағамен актив сатып алу мүмкіндіктеріне ие бола алады. Ал кейбіреуі қарыздарынан құтылу үшін активтерін сатып жіберуге мәжбүр болады. Дегенмен, мұнай бағасының тұрақсыздығынан компаниялар қандай да бір келісім жасауды әзірге тоқтата тұратыны анық», - деп жазылған мақалада.

Хабар 24 телеарнасы