427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин кәсіпкерлерді салықтан босату туралы қаулыға қол қойды

  • 1298
  • UPD: 13:44, 21.03.2020
Асқар Мамин кәсіпкерлерді салықтан босату туралы қаулыға қол қойды

Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты еліміз кәсіпкерлері жыл соңына дейін мүлік, жер және жеке табыс салығынан босатылды. ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин тиісті Қаулыға қол қойды.

Құжатта 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін: ірі сауда объектілері, сауда, ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлік салығынан; ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жер салығынан; салық салудың жалпы белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлер жеке табыс салығынан босатылатыны жазылған.

Сондай-ақ мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұлдарды есептеу 2020 жылғы 15 тамызға дейін тоқтатылатыны жазылған. Қаулыға Қосымша қоса берілген.

Қаулының толық мәтінімен primeminister.kz сайтында жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы