426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантинге жабылған мегаполистерде сауда нысандары қайта жұмыс істей бастайды – Министр

  • 522
  • UPD: 16:29, 24.03.2020

Карантинге жабылған мегаполистерде сауда нысандары қайта жұмыс істей бастайды деп жазды Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов фейсбуктегі ресми парақшасында. 

Бұл ретте әлгі орталықтар санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейту қажет екені де ескертілді.

«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ірі  сауда орталықтарды ашу туралы шешім осы салада жұмыс істейтін азаматтарды табыстан қақпау мақсатында қаралып отыр. Біз карантин жоқ аумақтарда ірі сауда объектілерінің қызметін тоқтатпауға шешім қабылдадық», - деп жазды министр. Сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмыс істеуіне қойылатын талаптардың толық тізімін ведомствоның немесе Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы