435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандағы базарларда азық-түлік бағасы қымбаттады

  • 384
  • UPD: 14:20, 24.03.2020
Түркістандағы базарларда азық-түлік бағасы қымбаттады

Мұны күнделікті мониторинг жасап отырған базар басшылығы растады. Инара Намазбаеваның айтуынша, тауық еті, картоп, сәбіз және пияз бағасының өскені анықталған.

Бұрын 205 теңгеден сатылған құмшекер бүгінде 250 теңгеге, ал күні кешеге дейін 100 теңгеден сатылып келген картоп 150 теңгеге көтерілген. Ал сатушылар көтерме бағаның бірден өскенін айтады. Осыған орай Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы базардағы бағаға ашық мониторинг жасады. Сатушыларды бағаны негізсіз көтермеуге шақырды. «Нұротандықтар» алдағы уақытта базар бағасын тұрақты ұстап тұру үшін қажетті шараны қолға алатынын айтты. Кәсіпкерлік нысандары төтенше жағдай кезінде бағаны негізсіз көтерген жағдайда жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Сондықтан саудагерлер пайда табамын деп, зиян шекпегендері абзал. Азық-түлік бағасы өңір басшылығының да жіті назарында. Қазір облыстағы тұрақтандыру қорында алдағы жазға дейін жететін азық бар. Қор қаладағы 14 әлеуметтік дүкендерді арзан өніммен қамтып отыр.

Бейсен Тәжібаев, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Ең қажетті тауарлардың нақты бір бағасы болады, сол шектен асырмау керек. Баға саясаты күнделікті осы базар әкімшілігіне жолданатын болады. Сондай-ақ сақтандыру қоймаларында 30 мың тонна түрлі қажетті тауарлар жинақталған. Қажеттілік туындаған жағдайда керекті тауарды жеткізу мәселесі де қарастырылады.

Қанат Сыдықов, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Егерде алдын ала негізсіз баға өсетін болса, олардың сатылуына, қызметіне шектеу қойылады.

Хабар 24 телеарнасы