428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізден кейбір азық-түлік тауарын экспорттауға тыйым салынды

  • 402
  • UPD: 22:02, 25.03.2020
Елімізден кейбір азық-түлік тауарын экспорттауға тыйым салынды

Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының кей түрін экспорттауға уақытша тыйым салды.

Құжат қаржы, сауда және интеграция министрліктерімен мақұлданған. Шет елге сатуға шектеу қойылған тауарлардың тізіміне қарақұмық, ұн, қант, картоп пен пияз, сәбіз және қырыққабат енді. Сондай-ақ күнбағыс тұқымы мен майын экспортатуға тыйым салынды.

Жауапты ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай шара төтенше жағдай кезінде елде азық-түлік қорын сақтау мақсатында қабылданды. Бұған дейін республикадағы азық-түлік қоры келесі егін терім науқаны басталғанға дейін жеткілікті екені айтылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы