445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі өтелмеген төлем бойынша өсімпұл қоспайды

  • 36
  • UPD: 13:33, 27.03.2020

16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемді 90 күнге шегеруге мүмкіндік бар. Бұл арнайы өтініш жазудың негізінде жүзеге асырылады.

Алайда өтінімді дәл осы күндері берудің қажеті жоқ, оны кейінірек жасайсыз. Қазір үйде отырғаныңыз жөн дейді банк мамандары. Сондай-ақ банк 2020 жылғы 16 наурыз бен 16 маусым аралығында уақытылы өтелмеген төлемдер бойынша айыппұл және өсімпұл қоспайды. 30 наурыздан бастап карантин аяқталғанша Қазақстан аумағындағы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі филиалдары қызмет көрсетудің жаңа нұсқасына өтеді. Жұмыс онлайн режимге ауыстырылады. Банк қызметкерлері коронавирус індетінің таралуына себепші болмас үшін осындай шаралар жасауға мәжбүрміз дейді.

Хабар 24 телеарнасы