423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Райымбек ауданының тігіншілері медициналық маска тіге бастады

  • 696
  • UPD: 15:23, 27.03.2020
Райымбек ауданының тігіншілері медициналық маска тіге бастады

Алматы облысы Райымбек ауданының тігіншілері медициналық маска тіге бастады. Ісмерлер бір аптаның ішінде 20 мың данасын дайындамақ. Бұл аймақ тұрғындарының тең жартысына жуығын бетпердемен қамтамасыз етуге жетеді. Сақтық шараларын күшейту мақсатындағы игі іске жергілікті кәсіпкерлер жұмылдырылып отыр. 

Бетперде тігуге ең алғашқылардың бірі болып Нарынқолдағы оқу өндірістік комбинатының тігіншілері кірісті. Тоғыз маман тоқтаусыз жұмыс істеп, кәсіпкерлер тарту еткен матадан медициналық маска дайындауда. Бірнеше рет пайдалануға болатын өнім мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен тұрмысы төмен отбасыларына тегін таратылады. 

Нұржан Құдайбергенов, аудан әкімі:

- Әр селолық округте мың маскадан, ал аудан орталығында 3,5 мың маска тігу жоспарланып отыр. Осы бір апта ішінде 20 мың маска тігіліп ауыл тұрғындарына таратылып берілетін болады. 

Нарынқолда халық көп баратын оншақты мемлекеттік мекеме бар. Солардың барлығында сақтық шаралары күшейтілген. Сала мамандары  ғимараттарды дезинфекциялап, жаппай залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

Фарида Ережепова, аудандық ткқсқб басқармасының басшысы:

- Залалсыздандыру ерітіндісі бар. Ода жеткілікті. Кеше ғана қайтадан заявка берілді. Алдағы уақытта келетін болады. Біршама бөлімшелерге маскалар берілді. Дез средствалар берілді. Жалпы мекемелердің барлығына антисептик дозатор алынды. Кіреберістеріне орнатылды.  

Коронавирусқа байланысты аймақтағы инфекционист дәрігерлер арнайы оқытудан өткен. Яғни олар індетке шалдыққандарды анықтау, медициналық қызмет көрсету бойынша біліктілігін жетілдірді. Жалпы аудан бойынша жұқпалы ауру жұқтырғандарды жатқызатын 200-ден аса адамға арналған оқшаулау орыны дайындалған. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы