412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда кондитерлік фабрика жұмысы қызу

  • 167
  • UPD: 15:28, 30.03.2020
Петропавлда кондитерлік фабрика жұмысы қызу

Петропавл кондитерлік фабрикасы экономикалық жағдайға қарамастан жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпорын экспортын да тоқтатқан жоқ. Олардың өнімі Ресейдің Қорған, Түмен, Омбы, Екатеринбург, Новосібір секілді қалаларында сатылады. Ал Қазақстан бойынша Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Жезқазғаннан тапсырыс түседі. Бүгінгі таңда фабрикада 160 адам еңбек етеді. Төтенше жағдайға байланысты ұжымның жұмыс кестесі қысқарған. Кәсіпорын директорының айтуынша, экономикалық жағдайға байланысты өндіріс көлемі 40 процентке төмендеген. Бірақ жұмысшылар қысқарған жоқ.

Лейла Сайдашева, кондитерлік фабрика директоры:

– Әрине, пандемияға байланысты адамдар бірінші кезекте санитарлық-гигиеналық заттарды сатып алады. Бұл кондитерлік өнімнің өтімділіне әсер етпей қоймады. Осыған байланысты ең алдымен жұмыс орындарын сақтап қалуды ойлап отырмыз.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы