399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО елдері кейбір азық-түлік түрлерін 30 маусымға дейін экспорттамауға келісті

  • 186
  • UPD: 14:10, 01.04.2020
ЕАЭО елдері кейбір азық-түлік түрлерін 30 маусымға дейін экспорттамауға келісті Стан.кз

Еуразиялық экономикалық комиссия пандемия кезінде бірқатар өнімді экспорттауға тыйым салуда.

Жақында Мәскеуде өткен ЕЭК алқа отырысының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін ЕАЭО елдерінен шығаруға уақытша тыйым салуға бағытталған шаралардың «екінші топтамасын» енгізу туралы шешім қабылданды.

Тауарлар тізімінде: пияз, сарымсақ, шалқан, қара бидай, күріш, қарақұмық, тары, жарма, ірі тартылған ұн, қарақұмықтан жасалған дайын тамақ өнімдері, ұсақталған және ұсатылмаған соя бұршақтары мен күнбағыс дәні бар. Оларды 30 маусымға дейін шығаруға тыйым салынады.

Тыйым салу елдердің халқын азық-түліктің жеткілікті қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЕАЭО-ға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан кіреді.

Ақпарат көзі: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Хабар 24 телеарнасы