412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО елдері дағдарысқа қарсы шараларды күшейтпек

  • 168
  • UPD: 21:28, 10.04.2020
ЕАЭО елдері дағдарысқа қарсы шараларды күшейтпек

Ұзақ уақыт сақтауға жарамайтын тауарды Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттау жеңілдейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін сериялық тауардың шыққан жерін растайтын сертификаттау жүйесі енгізіледі. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкіметаралық кеңесінде осындай келісім жасалды. Коронавриусқа байланысты жиын онлайн режимде өтті. Оған Қазақстанмен қатар Ресей, Беларусь, Молдова, Қырғызстан және Армения елдерінің премьер-министрлері мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты. Бейнеконференцияда Асқар Мамин COVID-19 індетімен күрес, экономиканы тұрақтандыру, тұрғындар мен бизнесті қолдау бойынша Қазақстанда қабылданған шараларға тоқталды. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен өнімдері мен тұрмысқа қажетті тауарлар импортын алмастыру арқылы одақтың өзін өзі қамтуын күшейтуі қажеттігін атап өтті.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- ЕАЭО-ның ұзақ мерзімді тұрақтылығы сауда үрдістерінің тұрақтылығына тікелей байланысты. Сондықтан бізге одақ аясында жасалатын тауарлар мен қызметтердің басымдығын ескеріп, аймақтық сауда-саттықтағы тәсілдерді бірлесіп, қайта қарастыру қажет. Қазіргі экономикалық дағдарыс біз үшін үлкен сынақ және мол мүмкіндік. ЕАЭО аясындағы бірлесе атқарған істер дағдарыс салдарын жұмсартуға және одақ аясында құрылатын бағаның ұзақмерзімді өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін дамытудың іргелі факторларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы