430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша консенсусты қолдады

  • 494
  • UPD: 09:25, 13.04.2020
Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша консенсусты қолдады Диалог.UA

ОПЕК+ мұнай өндіруші елдер министрлерінің кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Видеоконференция барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстанның бұрынғысынша сындарлы диалогты, сонымен қатар әлемдік нарықта орын алған қиын жағдайды ескере отырып, өз тарапынан мұнай өндіру көлемін коллективті қысқарту бойынша шешімді қолдайтындығын атап өтті.

ОПЕК+ мүше және мүше емес мемлекеттердің министрлер вебинары нәтижесінде мұнай өндіру көлемін 1 мамырдан бастап екі айға тәулігіне 9,7 млн баррельге қысқарту жөнінде келісімге қол қойылды. Қазақстан өз кезегінде келісімге қатысты консенсусты қолдады.

Хабар 24 телеарнасы